Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға шықты

Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: WTA

Жақында ғана Испанияның Мадрид қаласында өткен WTA 1000 – Mutua Madrid Open турнирінің жартылай финалында жеңілген Рыбакина 3 583 ұпаймен WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға шықты. Әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентек 4 335 ұпаймен көш басында тұрса, әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенко (3 278 ұпай) үшінші орынға жайғасқан. 

Айта кетейік, Елена Рыбакина әлемде әйелдер арасында эйс жасаудан көш бастап келеді. Жыл басынан бері 35 ресми матчта Елена эйс санын 229-ға жеткізді.

Талқылау