Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

Туризм және спорт министрлігі мереке күндерінің тізіміне қосымша дайындады. Тиісті құжат "Ашық нормативтік құқықтық актілер" сайтында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: buyingbusinesstravel.com.ru

Түсіндірме хатта атап өтілгендей, жаңа мереке президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес белгіленеді.

"Жоба қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 23 сәуір – “Ұлттық кітап күнін” мерекелік күндер тізіміне енгізу мақсатында әзірленген", – делінген қаулы жобасында.



Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауда болады.

"Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Мысалы, көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Бөріхан Нұрмұхамедов, Айдос Сарым, Данияр Әшімбаев бастаған құрылтай мүшелері осындай бастама көтерді. Мен олардың Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысын қолдаймын. Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет. Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу қажет. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек", – деген еді Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 1 ақпан – азаматтық авиация қызметкерлерінің күні болып белгіленген еді. 

Талқылау