Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мишель Обама президенттік бәсекеде Байденді алмастыруы мүмкін – Әлемдік БАҚ

Джо Байден Мишель Обаманың пайдасына АҚШ-тың президенттік сайлауына қатысудан бас тартуы мүмкін, деп жазады  Der Spiegel басылымы.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөздерден
АҚШ демократиялық партиясының кейбір мүшелері 2024 жылдың тамызында Чикагода өтетін партиялық съезде ел президенті Джо Байден алдағы сайлауға қатыспау туралы шешімін жариялайды және орнына АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың әйелі Мишельдің кандидатурасын ұсынуы мүмкін деп болжады.

Демократиялық партия тіпті Мишельді әлеуетті кандидаттар сауалнамаларына қосып та қойған. Америкалықтардың көбі әйел адам президент болғанын армандайды, деп жазды Der Spiegel басылымы.

Басылымның мәліметінше, америкалықтардың үштен екісі Байденді Америка Құрама Штаттарын тағы төрт жыл басқару үшін тым кәрі деп санайды. Көпшілік сонымен қатар жасы қазіргі президенттен сәл ғана кіші әрі порно актрисаны үнсіз қалдырмақ болғаны үшін аптасына бірнеше күн сотта жүретін Дональд Трамптан қауіптенеді.

Ал Мишель Обама Опра Уинфриге берген сұхбатында саясатқа ешқашан қызығушылық танытпағанын мәлімдеді. Ол өзінің естеліктерінде соңғы онжылдық тәжірибесі оның көзқарасын өзгертпегенін айтты

Талқылау