Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саябақта аттракцион істен шығып, балалар құлап кетті

Ресейдің Ейск қаласында, Поддубный демалыс саябағындағы “Лавица” аттракцион істен шығып, үш бала жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Қозғалыс кезінде балаларды ұстап тұрған құрылымның қорғаныс тұтқалары істен шыққан. Сол кезде аттракционда отырған екі қыз және бір ұл құлап, зардап шекті.

Балалар аса ауыр жарақат алмаған. Алдын ала болжам бойынша, ұл баланың қабырғасы сынып, ал қыздардың денесі көгеріп, сырылып қалды.



Төтенше жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Бұған дейін өгей әкесі 3 жасар қызын соққыға жығып, итпен бірге үйшікте түнеткені туралы жазған едік.

Талқылау