Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккен 50 мыңнан аса қазақстандық өз үйлеріне оралды

Су тасқынынан зардап шеккен 50 467 қазақстандық өз үйлеріне оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, әлі 5447 адам уақытша орналастыру пункттерінде қалады. Республика бойынша 9660 тұрғын үй мен 3213 аула аумағынан 16,2 миллион текше метр еріген су сорылған. 

“Атырау облысының Құлсары қаласында, Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында су басқан үйлерден тәулік бойы сорғылау жұмыстары жүргізілуде. Бір тәулік ішінде Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 704 үй мен 219 аула аумағынан су шығарылды. Барлығы 130 227 текше метр су сорылды. Өзендердегі су деңгейіне мониторинг жүргізілуде”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы қазіргі ахуал туралы айтқан еді

Талқылау