Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адвокат алқабилерден "Бишімбаев сияқтыларға" сабақ болатындай шешім шығаруын сұрады

Жарыссөз кезінде жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев сөз сөйледі. Ол бұл сот процесінің Қазақстанның болашақта әлеуметтік дамуына ықпал ететінін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы сот

Адвокат Игорь Вранчев алқабилерге үндеу жасады. 

“Әр азаматтың тағдыры сіздердің қолдарыңызда. Өйткені менің ойымша, Бишімбаевтың бостандыққа шығуына мүмкіндік бермей, оны кінәлі деп тауып, дұрыс шешім шығарсаңыздар, бүкіл Қазақстанды, бүкіл халқымызды элиталық паразиттерден азат етесіздер”, – дейді адвокат.



Қорғаушының айтуынша, Бишімбаев сияқты азаматтар елдің, қоғамның дамуына кедергі келтіреді. Сол себепті оларға лайық жазасын беру керек.

“Біреуін түрмеге отырғызу арқылы осы процесті көріп отырғандарға, ол бостандыққа шыға ма, жоқ па деп күтіп отырған басқа “Бишімбаевтарға” үлкен сабақ бересіз. Егер ол түрмеге отырмаса, басқалары да 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан заңсыздық пен жазасыздықты тоқтатпайды. Сондықтан құрметті алқабилер, сізден айыптаушылардың айтқан ұстанымын қабылдап, қорғаушы тараптың мәлімдемесіне сын көзбен қарауларыңызды сұраймын”, – деді Игорь Вранчев.

Бұған дейін Игорь Вранчев Салтанат қайтыс болған күні Бишімбаевтың интимдік қызметке тапсырыс беріп, өзіне алиби дайындағаны туралы айтқан еді. 

Талқылау