Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Disney, Pixar студиялары үлкен экранға шығатын негізгі фильмдерін қазақ тіліне аударып, ұсынады

Биылдан бастап Disney және Pixar студиялары үлкен экранға шығатын негізгі фильмдерін қазақ тіліне өз есебінен аударып, ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Facebook парақшасынан

Қоғам белсендісі Рауан Кенжехан өзінің Facebook парақшасында "Ойжұмбақ 2" анимациялық фильмі, "Моана 2" шытырман оқиғасы мен "Муфаса: Арыстан патша" көркем фильмдері осы маусымнан бастап қазақша көрсетілетінін жеткізді.

“Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдерге аударылған 30-ға жуық нұсқасын дайындайды. Солардың қатарында қазақ тілінің болуы – тіліміздің мәртебесін көтеріп, тартымдылығын арттырады. Танымал фильмдердегі сүйікті кейіпкерлердің қазақ тілінде сөйлеуі – біздің жас көрерменге үлкен олжа. Қазақ тілінде еркін сөйлейтіндер де, тілді енді үйреніп жүргендер де сапалы дубляждалған фильмдер арқылы тілге бойлай түсетіні анық”, – деді ол.



Рауан Кенжехан сонымен қатар "Қазақ тілі" қоғамы мемлекеттік тілдегі контент қорын, оның ішінде, анимация бағытын қазақшалауға басымдық беретінін алға тартты.

“Біздің Қоғам жұмысының негізгі жобалары осы бағытпен үндес. Халықаралық деңгейдегі түрлі компаниялармен байланыс орнатып, ұсыныстар жолдап отырамыз. Сондықтан бұл тамаша жаңалықты қуана бөлісіп жатырмыз. Алғашқы аударылған жоба релизі 14 маусымға жоспарланған”, – деп қосты қоғам белсендісі.

Талқылау