Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есірткі тұтынып ұсталған ұшқышқа қатысты қылмыстық іс қозғалды – ІІМ

Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайында есірткі тұтынған Air Astana әуе компаниясы ұшқышының үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Air Astana

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова министрдің орынбасырына бұдан 1 апта бұрын ірі әуе компаниясының ұшқышы ұсталғанын және ол есірткі тұтынғанын еске салып, сұрақ қойды.

Бұдан бөлек ол "жалпы әуе, теміржол, қоғамдық көлік тасымалы саласында қанша адам есірткіге тәуелді? Тізім бар ма?" деп сұрақ қойды.

Вице-министр Айдос Рысбаев тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.



"Есірткі тұтынып ұсталған ұшқышқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат жарияланады. Жалпы ұшқыштар, жүргізушілер рейске шығар алдында медициналық тексерістен өтеді, – деді Айдос Рысбаев.

Еске салайық, 23 сәуір күні кешке Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерді жөнелту аймағында полиция Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек Әнуарбековті ұстағаны туралы жазған едік. Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мефедрон қолданып сақтаған. 

Талқылау