Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Өзбекстан құрамасы Азия чемпионатының финалына шығып, олимпиадаға жолдама алды

Футболдан Өзбекстанның жастар құрамасы Азия чемпионатының финалына шығып, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: The AFC

Футболдан Өзбекстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Көрші елдің жастар құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Иордания құрамасын 2:0 есебімен ұтып, финалға шықты. Сонымен қатар Париж олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне де ие болды. Осылайша Өзбекстан құрамасы Орталық Азиядан олимпиада ойындарында өнер көрсететін алғашқы ел атанбақ. 

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы Азия чемпионатының финалында Жапония мен Ирак құрамасы арасындағы матчтың жеңімпазымен жолығады.

Талқылау