Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы атақты Конор Макгрегордың менеджерімен келісімшартқа отырды

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Әліби Ыдырыс әлемге әйгілі Конор Макгрегордың спорттағы ісін жүргізетін менеджерлік компаниямен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Naiza

Naiza тұжырымы бойынша үш дүркін әлем чемпионы Әліби Ыдырыс Конор Макгрегор сияқты әлемдік ММА жұлдыздарының спорттағы ісін жүргізетін “Paradigm Sports” менеджерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын жауынгер енді әлемдік тұжырымдарда өнер көрсетуі әбден мүмкін. Тіпті, жеңіліп көрмеген Әлібиді “Paradigm Sports” менеджерлік компаниясы UFC тұжырымына кіргізуді көздейтіні анық. Бұл менеджерлік компания Конордан бөлек, Сайран Нұрданбек, Майкл Пейдж,Стивен Томпсон сияқты UFC ұйымының жұлдызды спортшыларының да ісін жүргізеді.

Айта кетейік, Әліби Ыдырыс шаршы алаңда 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол кезекті кездесуін 18 мамыр күні Naiza лигасында өткізеді.  

Талқылау