Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрқожа Қайпановқа тағы лицензиялық турнирде сынға түсуге мүмкіндік берілді

Еркін күрестен Париж олимпиадасына жолдама беретін соңғы лицензиялық турнирде тағы да Нұрқожа Қайпанов бақ сынайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Бішкекте Азия құрлығы үшін өткен лицензиялық турнирдің жартылай финалында жеңілген Нұрқожа Қайпановқа бапкерлер соңғы әлемдік лицензиялық турнирде өнер көрсетуге мүмкіндік берді. 74 келіде белдескен балуан жартылай финалда иран балуанына ұтылып, жолдама иелене алмаған еді. Соңғы Түркияның Стамбул қаласында өтетін лицензиялық турнирге Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін белдесуде жеңілген Талғат Сырбаз бару керек болған. Бірақ Сырбаздың сырқаттанып қалуына байланысты Қайпанов қайтадан жолдаманы сарапқа салатын сайысты сынға түседі. 9-12 мамыр аралағында өтетін байрақты бәсекеде белдесетін басқа балуандардың тізімі өзгерген жоқ.

Айта кетейік, Бішкекте өткен Азия құрлығының лицензиялық турнирінде қазақстандық еркін күрес шеберлері екі жолдама жеңіп алды. 97 келідегі Әлішер Ерғали мен аса ауыр салмақтағы Юсуп Батырмурзаев финалға дейін жеткен еді. 

Талқылау