Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рыбакина мен Путинцева Мадридтегі турнирдің ширек финалында кездеседі

Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Испанияда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында жолығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: WTA

Отандастарымыз Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 - Mutua Madrid Open турнирінің үшінші айналымында жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Рыбакина чехиялық Сара Бейлекті екі сетте 6:1, 6:3 есебімен жеңсе, Путинцева әлемдік рейтингте 10-орында тұрған, ресейлік Дарья Касаткинаны үш сетте 3:6, 6:2, 6:2 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Енді екеуі ширек финалда бір-біріне қарсы ойнап, жартылай финалдың жолдамасы үшін таласады.

Айта кетейік, Елена Рыбакина кейінгі рет Штутгарттағы беделді турнирде жеңіске жетіп, Porsche Taycan көлігін иеленсе, Путинцева әзірше үлкен додаларда топ жарған жоқ. 

Талқылау