Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Канело" мен Мунгия шулы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль “Канело” Альварес жерлесі Хэйме Мунгияға қарсы жекпе-жек алдында салмақтан өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Mma.metaratings.ru

Әлемнің ең үздік боксшысы саналатын Сауль Альварес (60-2-2, 39 KO) 5 мамырда өзінің отандасы Хэйме Мунгияға (43-0, 34 КО) қарсы жұдырықтасады. Қос спортшы шулы жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз түйістірді. “Канелоның” салмағы 75,7 келіні көрсетсе, Мунгия 75,9 келі шықты. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін жекпе-жекте спортшылар супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атағын сарапқа салады. Бокс мамандарының пікірінше, бұл жекпе-жекте “апсет” тіркелуі әбден мүмкін. Дегенмен кездесудің басты фавориті ретінде “Канело” саналады. Жанкүйерлер бұл жекпе-жекті “Хабар” арнасының тікелей эфирінен тамашалай алады. 


Сауль Альварес қауіпті қарсыласпен жұдырықтаспас үшін аса ірі көлемдегі қаржыдан бас тартқан


Айта кетейік, “Канело” кейінгі жекпе-жегін 2023 жыдың қыркүйегінде Джермелл Чарлоға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жетсе, Хэйме Мунгия 2024 жылдың басында “Канелодан” жеңілген Джон Райдерді нокаутпен жеңген еді. 

Талқылау