Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қуандық "Чикатило" емес": Бишімбаевтың адвокаты сотталушыны өмір бойына соттау әділ емес деп мәлімдеді

Әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында жарыссөзден кейін бір-біріне қарсылық білдіру кезеңі басталды. Сотталушының адвокаты Лейла Рамазанова жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчевтің сөзіне қарсы шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тікелей эфирден скриншот

Лейла Рамазанова Бишімбаевты “Оттело” мен “Чикатилоға” теңеу орынсыз екенін айтты.

“Бишімбаев Оттело емес, ал Салтанат Дездемоне емес. Вранчев Бишімбаевты Чикатиломен салыстырды. Чикатилоның 53 құрбаны болды. Ол 55 адамды өлтіріп, олардың етін жегенін мойындады. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған барлық педофил мен маньяктармен салыстыру орынсыз. Бишімбаев бірнеше адамды өлтіріп, зорлаған жоқ. Олардың етін жеген жоқ”, – деді Рамазанова.

Судья адвокаттың тақырыптан ауытқып кеткенін және бұрын-соңды ондай нәрсе айтылмағанын айтты.

Оттело – Уильям Шекспирдің шығармасындағы әйелін қызғаныштан өлтірген кейіпкер. Ал Чикатило – атышулы ресейлік маньяк. Ол бірнеше әйелді зорлап, денелерін бөлшектегені үшін ату жазасына кесілген.

Бұған дейін Бақытжан Байжанов шындық деректорынан өтуге дайын екенін мәлімдеді. Жәбірленушінің адвокаты Байжановты “қорқақ” деп, әдейі қол астындағыларға тапсырма бергенін мәлімдеді.

Талқылау