Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелі бір бүйрегін берген": Ләйлә Сұлтанқызы астаналық тұрғынның оқиғасын көпшілікке үлгі етті

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының өмірін арашалап, ағзасын күйеуіне берген әйелдің оқиғасын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот

Тележурналист сенбілік іс-шарасы кезінде астаналық тұрғынмен танысып, бастан өткен оқиғасын тыңдады. 

“Қасымда бір ер адам көмектесіп, кәдімгідей жұмыс істеп жүрді. Әкімдіктен келген азамат шығар деп ойладым. Кейін таныса келе, оқиғасын тыңдап, көңілім де босап кетті. 4 ай бұрын жасалған бүйрек трансплантациясы сәтті болып, жақында қайта жұмысқа шығады екен. Есімі – Бекболат. Осыған дейін әріптесім Ерқанат Көпжасар сюжет әзірлеп, деректі фильм түсірген екен. Бұл кісіге келіншегі бір бүйрегін берген. Әйелінің бүйрегі азаматынікіне 86% сәйкес келіп, донор болған”, – деді журналист. 



Медиа өкілінің сөзінен кейін астаналық тұрғын да денсаулығының қазіргі жағдайын баяндап берді. 

“Гемодиализден құтылғаныма 4 ай болды. Келіншегімнің есімі – Сәбира. Қазір үш қызымыз бар. Мұны екінің бірі істей бермейді. Келіншегімнің ісі – нағыз ерлік. Әйеліме өмір бойы риза болып өтемін. Әке-шешесіне осындай қызды тәрбиелеп, менің тағдырыма жолықтырғанына алғыс айтамын. Жар таңдаудан қателеспеу деген осы шығар", – дейді Бекболат. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан 9000-ға жуық науқас гемодиализ процесіне тәуелді екені туралы жазған едік. Бүгінде гемодиализ процесін алу барлық науқасқа тегін. Бұл үшін үкімет тарапынан миллиардтаған қаржы бөлінеді. 

 

Талқылау