Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда желі арқылы есірткі сатумен айналысатын 300 арна мен 4 ірі маркетплейс анықталды

Қаржы мониторингі агенттігі есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуына байланысты Telegram мессенджерінің арналары, әлеуметтік желілер мен хабарландыру сервистері қамтылған жаһандық желіге мониторинг жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pexels

Мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейс көзге түсті. Ел аумағында Telegram арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды.

Интернет-кеңістіктің Қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң, есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары саналатын 10 мыңға жуық адам анықталды.

Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50%-дан астамы Астана, Алматы және Алматы облысына тиесілі.

“Агенттік өткен жылы айналымы 25,6 млрд теңгеге жеткен 36 есірткі дүкенін анықтады. Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықталды. Қаржылық барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы – 3 млрд теңге. Айналымы 82 млн теңге есірткі дүкені бойынша материалдар ІІМ-ге жолданды”, – деп мәлімдеді ҚМА.

Талқылау