Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Синоптиктер 7, 8 және 9 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Anews.az

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Өзбекстан аудандарынан Қазақстанның барлық өңіріне қысқамерзімді, бірақ көптен күткен жылы ауа массалары келеді. Республиканың солтүстігі мен шығысының кей аудандарында түнде салқын ауа райы сақталатынына қарамастан, 9 мамырға дейін күндіз термометр бағаны 20-28 градусқа дейін жылыны көрсетеді.

"Бірақ батыс аймақтарда ауа-райы құбылмалы болмақ. Әуелі оңтүстік циклон әсерінен найзағай жарқылдап, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Циклон артынша солтүстік-батыс антициклонына ауысып, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, төтенше жағдай бойынша жедел штаб Атырау облысы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша жедел мәлімет жариялады. Оған сәйкес, Жайық өзеніндегі су мөлшері шекті деңгейден асып кеткен

Махамбет ауданында барлық балабақша тасқын қаупіне байланысты жұмысын тоқтатты. 

Талқылау