Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы 4 жылда 1 доллар ғана өскен – Зерттеу

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мемлекеттерінің өмір сүру деңгейі туралы баяндама жариялады. Мұнда Қазақстандағы зейнетақы мөлшері 2018 жылдан 2022-ге дейін тек 1 долларға өскені жазылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Бұл аралықта барлық елдерде зейнетақы мөлшері өскен. Тек еліміз Қазақстанда осы жылдар ішінде зейнетақы ең аз өскен ел болып отыр. Төрт жыл ішінде бізде зейнетақы 150 доллардан тек 151 долларға дейін өскен. Бұл пандемия кезінде зейнетақы көлемінің азаюына байланысты екені айтылған.

Комиссияның мәліметінше, Қазақстанда орташа жалақы осы уақыт арасында 472 доллардан 673 долларға дейін өскен. Ал Қырғызстанда 239 доллардан 316 долларға дейін өскен. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалақының өсу қарқынының төмендеуі (инфляцияны, валюта бағамын және басқа да қосымша факторларды ескере отырып) тек Беларуссияда байқалған. 

Кедейлік пен жұмыссыздықтың қарқыны қандай?

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде кедейлік шегінен төмен адамдар көбіне ауылдық жерлерде тұрады. 2018 жылдан 2022 жылға дейін Беларусь пен Ресейде кедейліктің ресми шегінен төмен халықтың үлесі төмендеген.

Дегенмен осы кезеңде Қазақстанда олардың үлесі 4,3 — тен 5,2% - ға дейін, ал Қырғызстанда-22,4-тен 33,2% - ға дейін өсті. Бірақ Қазақстан мен Қырғызстан пандемиядан кейін бұл бағыттағы жағдайды біртіндеп қалпына келтіруде.

ЕАЭО Қазақстаннан басқа өзге елдерінде жұмыссыздық деңгейі де төмендеуде. Біздің елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде тұрақты және жылдар өтсе аз ғана өзгеріске ұшыраған. Ресей мен Беларусь елінде жұмыссыздардың үлесі-3,9 %. Ал Қырғызстан жұмыссыздық деңгейін тұрақтандырып, оны 4,9% - ға дейін төмендете алды.

Қазақстандықтар азық-түлікке табысының жартысынан көбін жұмсайды

ЕАЭО-ның барлық елдерінде шығындардың негізгі бөлігі азық-түлікке тиесілі. Соның ішінде Қазақстан азық-түлікке табыстың 51,2 %-мен ең көп шығын жұмсайтын ел. Қырғызстанда табыстың 47,3%-ы, Ресейде 32,9%-ы жұмсалады.

Шығын бойынша ЕАЭО елдерінде қалған салалар әртүрлі. Мысалы, Қазақстанда, Беларуссияда және Ресейде көлік қозғалыс пен ақпараттыө байланыс қызметтері шығындаы екінші орында. Қырғызстан мен Арменияда азық-түліктен кейін тұрғын үй шаруашылық кешені қызметтеріне көп жұмсалады-тиісінше 12,7% және 19%.

“ЕАЭО елдерінде әл-ауқатты орташа оң деп бағалауға болады. Барлық елдерде табыстың өсуі және жұмыссыздық деңгейінің тұрақтануы байқалады. Пандемия халтың әл-ауқатының өсу динамикасы мен өмір сүру деңгейіне елеулі зиян келтірді. ЕАЭО елдері өздерінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін біртіндеп тұрақтандыруда”, – делінген зерттеуде.

Талқылау