Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оранып жүріп, ән айтады": Айдана Меденова сахнаға қайта шығуына қатысты пікір білдірді

Өнерден кетіп, дін жолына түскен танымал әнші, “Кешью” тобының экс-солисі Айдана Меденова сахнаға қайта шығу туралы ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/aidanamedenova_officialpage/

Экс өнер иесі оқырмандар тарапынан келген түрлі сұрақтарға жауап берді. Арасында сахнаға оралу туралы да сұрақтарға кеңінен тоқталды. 

“Мен бұдан былай сахнада ән айтпаймын деп нақты шешім қабылдағанмын. Сондықтан, егер мен сахнаға шықсам, оның ән айтумен байланысы болмайды.
Мына әйел оранған, бірақ ән айтады, ал басқа әйел намаз оқиды, бірақ ән айтады деп түрлі мысал келтірудің қажеті жоқ.  Әркімнің өз таңдауы бар.
Мен өз таңдауымды жасадым, Альхамдулиллах", – деп жауап берді әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі күйеуі мен қызын балағаттап жазған оқырманын орнына қойды. Ол “қандай страшныйсыңдар” деп жазған бейтаныс келіншекті оқырмандарына көрсетті. 

“Таңғы 5-те осындай сөз жазуға бола ма? Бүгін бір видео көрдім. Күйеуі әйелін сабап жатыр, қасында баласы жатыр. Адамдар қандай болып кеткен?!. Алланың ғана адамды ренжітуіне рұқсат. Пенденің пендеге ренжітуге, балағаттауға, ашуландыруға, өлтіруге, қол тигізуіне құқығы жоқ”, – деп жазды Айдана Меденова. 

Фото: https://www.instagram.com/aidanamedenova_officialpage/

Еске салайық, Айдана Меденова марқұм ата-анасын еске алып, көз жасын тыя алмағанын жазған едік.

Талқылау