Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында зорланған қыздың анасы прокуратураның әрекетсіздігіне шағымданды

Өткен күзде Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында қыз зорлау фактісі тіркелді. Тергеу жұмыстары жүргізілгенімен, іс әлі сотқа жетпеген. Қыздың анасы істің сотқа жетпеуіне прокуратураны кінәлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат аггенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Әйел кәмелетке толмаған қызының өткен жылдың қазан айында зорланғаны туралы айтып видео түсірген. Ол полицияға арыз жазып, күдікті ұсталды. Іс Қарасай прокуратурасына беріліп, бір айдан астам уақыт сонда қалған.

”Өзі үш томнан тұратын іс. Үш том істі бір ай оқиды ма”, – дейді қыздың анасы. 

Алматы облыстық полиция департаменті келіп түскен арыз негізінде тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Полиция сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

"Қылмыстық іс материалдары соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін ағымдағы жылдың 18 сәуірінде сотқа жіберілді", –  деп қосты полиция.

Еске салсақ, Ақмола облысында әйел екі жасар немересін өлтірді деген күдікке ілінді.

Талқылау