Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда адам ағзаларын шетелдіктерге заңсыз сатып келген топ ұсталды

Бішкекте адам ағзаларын заңсыз сатумен айналысқан трансұлттық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Kaktus.media

Қырғызстандық қаскөйлер шетелдерде адам ағзаларын сатқан.

"Қылмыстық істің аясында жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде К.А.К есімді әйел З.Р.З.-мен алдын ала келісіп, адам ағзасын сату арнасын ұйымдастырған. Ол бүйрек трансплантациясы үшін 80 мың долларға дейін ақша төлеуге дайын науқастарды іздеген", – делінген ведомство хабарламасында.

Донорлар медициналық тексеруден өтуге міндетті болды. Десе де олардың бәріне оң қорытынды берілген. Сөйтсе ұйымдастырушылар жалған құжаттар жасап шығарған да, науқастарға берген. Содан соң шетелге шығып отырған. 

К.А.А. және З.Р.З. 17 сәуірде Манас әуежайында бүйрек трансплантациясы үшін басқа донорды шетелге апармақ болған кезінде ұсталды.

"Донорлар бір бүйрегі үшін орта есеппен 1000-7000 долларға дейін, ал рекрутерлер әрбір жіберілген донор үшін 3000 АҚШ долларына дейін алатыны анықталды. Ал ақшаның қомақты бөлігі арна ұйымдастырушысына жіберілді. Одар 30-дан 70 мың долларға дейін алып отырған", – деп атап өтті Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Талқылау