Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолсерік қонақүй бөлмелерінде жасырын камералардың бар-жоғын тексеру әдістерін бөлісті

Жолсерік TikTok желісінде қонақүйлерді қалай таңдайтынын және не нәрсеге мән беретінін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Оның айтуынша, көптеген қонаүйлерде жасырын тыңшылық камералар болады және ол осыны әшкерелейтін әдісті айтты.

2019 жылдан бері стюардесса болып жұмыс істейтін 22 жастағы Эстер Стуррус жасырын камерасы бар бөлменің белгілерін көрсетті.

Қазірдің өзінде 3,7 миллионнан астам қаралым мен 480 000 лайк жинаған видеода Стуррус TUI және KLM-де жұмыс істеген және жұмысының арқасында қонақүйлерде жиі түнеуге мәжбүр. Сол себепті ол ұйықтар алдында камераның бар-жоғын тексереді.

@esthersturrus What is the first thing you do? 😇 #myklmmoment #klm #klmcrew #crewklm #klmairlines #klmroyaldutchairlines #flightattendant #stewardess #cabincrew #cabincrewlife #cabincrewgirls flightattendantlife #aviationlife #aviation #uniform #royalbue ♬ girls like me don't cry (sped up) - thuy

Видеода ол ванна бөлмесіндегі айналарды тексеруден бастайды. Егер камера болса, айнаны ұстаған кезде жолақтар пайда болады.

Содан кейін телефонының жарығымен душ пен өрт дабылының шеттерін тексереді. Соңында бөлмесіне барып, мұқият тінтіп шығады. Перделер мен оның айналасын, жәшіктер мен теледидардың іші қарайды.

Желі қолданушылары камераның бар-жоғын тексеру үшін бірнеше әдісті жасайтынын айтты.

"Біз қонақ үйде немесе әуежайда тұрақтағанда, анам камера детекторды алады, “Мен әрдайым айнаны тексеремін”, “Төсек-орындарды да тексеру керек”, “Жарықты өшіріп, сағатқа шам жағыңыз, сонда камералар көрінеді”, “Желдету шахтасын қарап көріңіз” деп жазды желідегілер.

Нидерландылық Стуррус оятқыштар мен радиосағаттарды, түтін детекторлары, шамдар, айналар мен термостатты да тексереді екен.

Сондай-ақ ол қонақүйде үтік болмаса, киімді қалай үтіктеу керек, перделерді қалай жабу керек және душқа арналған қалпақшаны пайдаланудың басқа жолдарын айтады.

Талқылау