Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Apple билік талабынан кейін қытайлық App Store дүкенінен WhatsApp пен Telegram қолданбаларын өшіріп тастады

Apple жұма күні Қытай үкіметінің тапсырмасымен ұлттық қауіпсіздікке байланысты WhatsApp және Threads қолданбаларын қытайлық App Store дүкенінен өшіріп тастағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Itzine” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

App Store дүкенінен WhatsApp, Telegram, Signal және Threads қосымшалары жойылғанымен, бірқатары өзгеріссіз қалады. Батыс компаниялары әзірлеген көптеген басқа танымал қолданбалар, соның ішінде YouTube және X қосымшалары қытайлықтар үшін қолжетімді болмақ. 

Қытай билігінің WhatsApp немесе Threads қосымшаларынан не себепті қауіптенктіні белгісіз. 

“Қытайдың киберкеңістік әкімшілігі ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты бұл қолданбаларды қытайлық дүкеннен алып тастауға бұйрық берді. Біз өзіміз жұмыс істейтін елдердің заңдарымен келіспесек те, оларды орындауға міндеттіміз", –  делінген Apple мәлімдемесінде. 

Компания аталмыш қосымшалардың басқа елдерде қолжетімді екенін атап өтті. Технологиядан хабардар қытайлық Apple тұтынушылары басқа аймақтардан iCloud тіркелгісі болса, дүкендерінен қолданбаларды жүктей алады.

Кейбір қытайлық технология саласының сарапшылары үкіметтің WhatsApp және Threads туралы шешімі өткен тамызда қабылданған жаңа ережеге байланысты болуы мүмкін деп санайды. Оған сәйкес барлық қолданбалар мемлекеттік органдарда тіркелу қажет, болмаса қосымшалар жойылады. Компаниялар наурыз айының соңында тіркеуді аяқтау керек еді. Ал ережелер 1 сәуірде күшіне енді.

Бұған дейін студент WhatsApp арқылы жолдаған хаты үшін өлім жазасына кесілген еді.

Талқылау