Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байден Трамппен дебатқа түсуге дайын екенін хабарлады

АҚШ президенті Джо Байден сайлауда қарсыласы Дональд Трамппен дебатқа қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sirius XM радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: nypost.com

Алайда Байден дебаттың нақты күнін айтпады. 

"Қашан өтетінін білмеймін... Онымен пікірталас өткізетініме қуаныштымын", - деді Америка президенті.

Айта кетейік, Трамп Байденді дебатта кездесуге бірнеше шақырған еді.



Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден Оңтүстік Каролинадағы Демократиялық партияның президенттік сайлауында жеңіске жеткені туралы хабарлаған едік.

Талқылау