Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде екі жігіт сейфтен 94 миллион теңге ұрлап, қайықпен қашқан

Қылмыс Өскемендегі  кеңселердің бірінде жасалған. Ұрлықшылар сейфті бұзып, 94 миллион теңге жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Уk-news сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: полиция департаменті

"Тергеу барысында ұрлықшылардың қылмыс жасағаннан кейін өзенге жүгіріп, үрлемелі қайықпен арғы жағаға жүзіп кеткені анықталды", - деп хабарлады шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті. 

Бірнеше күннен кейін полицейлер 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар қамауға алынды. Қайық пен ұрланған ақша олардың тұрғылықты жерінен тәркіленді. Қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау